CaspianLife, 20 маусым – Семей орманындағы алапат өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған деп хабарлайды caspianlife.kz inbusiness.kz. сілтеме жасап.
Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты куәгер ретінде тергеліп жатқанын мәлімдеді. Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында журналист Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның «мәртебесі қандай?» — деп сұрады. Берік Асыловтың айтуынша, тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.
«Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр», — деді бас прокурор Берік Асылов.