CaspianLife, 15 маусым — Маңғыстауда 6 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тағы үш іс өзге өңірлердегі жауапты органдарға жіберілген, деп хабарлайды Caspian Life.
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, 36 мыңға жуық маңғыстаулық әлеуметтік желілердегі күмәнді парақшаларға тіркелген және олардың барлығы алаяқтардың құрбаны болуы әбден мүмкін. Бүгінде департамент қызметкерлері 16 қаржы пирамидасын анықтады.
«ЧАЙТАЙТИНГ қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша біздің мамандар тергеп жүргізіп жатыр. Жәбірленушілер саны — 14 адам. Шығын көлемі 11,5 млн теңге», — дейді Маңғыстау обылстық экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Алексей Клименко.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасы анықталған. Ал «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен 4000-ға жуық веб-сайт пен аккаунттардың жұмысы тоқтатылыпты. Соның арқасында бүгінге дейін 52 000 адам қаржылық пирамидаға қатысы бар болуы мүмкін деген парақшаларға жазылудан бас тартқан.
Фото: inform.kz