CaspianLife, 9 маусым — Маңғыстауда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен Шебір ауылының әкімі айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Елдімекен басшысы азық-түлік дүкендерінің түнгі сағат 11-ден кейін жұмыс жасауына тыйым салған. Бірақ, бұған не себеп болғанын түсіндірмепті.
Бұған келіспеген ауыл кәсіпкерлері қоғамдық ұйымдардан көмек сұрапты. Ақыры әкімнің шешімі заңсыз саналып, оған 170 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау комиссиясымен бірге қарап, жанағы Шебір ауылы әкімінің шешімін прокуратурамен бірге шешімінің күшін жойып, сол шешімді заңсыз қабылдаған азаматтарға айыппұл салынды және тәртіптік шара қабылданды» — деді «Әділдік жолы» РҚҰ МОФ жетекшісі Асқар Жақсыбаев.
Шебір ауылында мың жарымдай адам өмір сүреді. Жыл өткен сайын мұндағы тұрғын саны азайып барады. Жастар қалаға кетіп жатыр. Ал ауылды дамыту үшін шенеуніктер шағын және орта бизнеске қысым көрсетпей, қайта дамытуға күш салу керек, — дейді кәсіпкерлер.
Фото: mng.sud.kz