CaspianLife, 6 маусым — Исатай ауданында «Нарын таңы» газетінің 70 жылдығына орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда, деп хабарлады CaspianLife.
Солардың бірі – жуықта футзалдан ашық біріншілік өтіп, оған ардагер журналистер мен газеттің қазіргі ұжымы, спортшылар және өзге де мекеме-ұжым мүшелерінен құралған он команда қатысты.
Бүгін енді он команда бақ сынап жатыр. Оның ішінде «Атырау – Ақпарат» медиа холдингінен арнайы «Нарын таңы» газетінің намысын қорғау үшін бір команда алып келіп отырмыз. Осы шараларды өткізуге басы-қасында жүріп мұрындық болуға ат салысқан аудан басшылығы спорт саласының басқа да сала басшыларының қолдауына ризамыз. Алға қарай да осы іс-шаралар жалғаса беретін болады — деді «Атырау-Ақпарат» командасының мүшесі Серікбол Панабердиев
Біріншілік қорытындысы бойынша үшінші орынды аудан әкімдігінің, екінші орынды білім бөлімінің командасы алса, Исатай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірінші орынды иеленіп жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаздарға диплом, медаль және арнайы кубок табысталды.
Фото: Нарын таңы газеті