CaspianLife, 5 маусым — Атыраулық ескекшілер рәміздер күніне орай парадқа шықты, деп хабарлайды CaspianLife.
Облыс орталығындағы №1олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалалар –жасөспірімдер мектебінің оқушылары мен ұстаздары кішігірім қайықтарына еліміздің туын тағып, Жайық өзенінің үстімен жүріп өтті. Түрлі жарыстан жүлделі орын алып жүрген спортшылар мұндай іс-шараға қатысып, рәміздерді насихаттауға үлес қосқанына дән риза.
«Мен осы байдаркамен 2021 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Мен оның алдында жүзуші болғанмын. 1 июнь күні Орал қаласында жарыс болды, одан орындар алып келдік. Мен өзім 3 бірінші орын алып келдім.Мерекеге арнайы парад өтті. Спортшылармен бірге суда жүріп, туымызды биік көтеріп келдік. Спортшылармен бірге өз рәміздерімізді насихаттауымыз үшін өз үлесімізді қостық» — деді ескек есуші Альмира Қадырбай.