CaspianLife, 31 мамыр – Сайөтес ауылындағы 130 отбасы апатты үйлерде тұрып жатыр, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Әуел баста бұл үйлер теміржолышлар мен газшылар үшін берілген еді. Арада уақыт өте келе тұрғындар жекешелендіріп алды. Бірақ «көппәтерлі үйлерді пайдалануға құқық беретін құжаттар көбінде жоқ», — дейді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Бердімұрат Төрекенов. Енді ауыл әкімшілігі «мына мәселені қалай шешеміз»,- деп бас қатырып отыр. Ауыл әкімінің сөзінше, үйлерді апатты деп таныған соң сол үйдің тұрғындарына баспана беріледі. Алайда бұл сәттің қашан туары белгісіз. Барлығы ақшаға тіреліп тұр. Әзірге әкімдіктегілер жоспарды жүзеге асыру үшін инвестор іздеуде.