CaspianLife, 17 мамыр — Атырау облысында былтыр білім саласына бөлінген 4 млрд теңгеге жуық қаржы игерілмей қалған, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Жиында шенеуніктер 2022 жылы әлеуметтік жобалар, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу және тағы басқа да мақсаттарға бөлінген қаражаттар туралы есеп берді. Ал, білім басқармасындағылар болса, жағдайды былай деп түсіндірді.
«Оның ішінде игерілмеген 3 млрды 9 садиктің құрылысы договорды тіркей алмауы себебінен. Қалған 400 млн-ы капремонтқа бөлінген ақша, уақытында бітпеуі себебі мердігер компаниялар соттасып, сол себептен игерілмеген» — деді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тілекқабыл Байдошев.
Мемлекет ақшасын игере алмағандардың қатарында, облыстық жолаушылар көлігі және атвомобиль жолдары басқармасы да бар. Олар былтыр мемлекеттік сатып алу порталындағы техникалық ақауларға байланысты 354 млн теңгені жұмсап үлгермеген. Ал, құрылыс саласына 2022 жылы 31 млрд теңгедей ақша жұмсалыпты. Бұл бөлінген қаражаттың 94,4 пайызы. Басқарма басшысы, Аққыстау ауылындағы лицейдің құрылысы мердігер компаниямен арадағы сот процессінің аяқталмауына байланысты кідіргенін айтады. Дегенмен, қазір нысан құрылысы бітіп тұр. Сондай-ақ, осындай түсініспеушілік Томарлы ауылдық округінде де туындаған. Шенеуніктің сөзінше, мердігерлер мұндай кезде құрылыс материалдарының қымбаттауын сылтау етеді.
«Өздеріңге мәлім, құрылыс саласы бойынша көптеген материалдардың қымбаттауын негізге алып, кейбір мердігер мекемелер құрылыс мерзімін әдейілеп сөзу фактілері кзедесіп отыр. Сондайлардың алдын лау үшін мердігерлермен келісім шартты бұзған болатынбыз. ++06:32 Сот процессі кезінде шама келгенше тоқтатып қоямыз. Объем работасын есептеу үшін. Кейбір мердігерлер жұмыстарды жасап тастауға, сотта жеңіп кетуге тырысады» — деді Атырау облыстық құрлыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Максим Ізбасов жиын соңында отырысқа дайындықсыз келген кейбір атқамінерлерді сынға алса, кеңес мүшелері ұсыныстарын ортаға салып, тарқасты.