CaspianLife, 4 мамыр – «1 шілдеден бастап елде темекі өнімдері қымбаттауы мүмкін», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қаржы министрлігінің бұйрығына енгізілетін өзгертулерден белгілі болды. Яғни оның құнын 650 теңгеден 710 теңгеге дейін өсіру жоспарланып отыр.Ал 2024 жылдан бастап баға тағы 60 теңгеге көтеріліп, 770 теңге болады. Жоба 19 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылған.