CaspianLife, 27 сәуір – Бүгін сағат 16:00 шамасында Атырау мұнай өңдеу зауытындағы каталитикалық крекинг қондырғасында технологиялық режим бұзылған деп хабарлайды сaspianlife.kz. «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зауыттың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, авариялық жағдайларға жол бермеу мақсатында жанармай газы мәжбүрлі түрде факелге жіберілді. Сағат 16:33-те газды факелге жіберу тоқтатылған. Қазіргі уақытта технологиялық режимнің бұзылуына ненің себеп болғанын анықталып жатыр.