CaspianLife, 19 наурыз — Жарылыстан зардап шеккен екі адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстан зардап шеккендер дәрігерлер мен психологтардың қарауында. Солардың бірі 23 жастағы келіншек құрсағындағы шаранасынан айрылып қалды. Оған бірнеше рет ота жасалған. Ал жұбайы мен қайыненесі қайтыс болды. Құтқарушылар екеуінің денесін үйінді астынан тапты. Әйел жансақтау бөлімшесінде, арнайы аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр. Қайынатасының да жағдайы жақсы емес. Дәрігерлер екеуі де өте ауыр жағдайда дейді.
«Келіншек бізге бірден жеткізілді, таңғы 4-тен кете. 17 апталық ұрық жатырдан ажырап кеткен екен, аман алып қала алмадық. Кеше омыртқасына өте күрделі ота жасалды» — деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Раушан Жапарова.
Қазіргі кезде зардап шеккен тағы үш адам травмотология бөлімшесінде жатыр. Екеуі – бала. Тағы бір ер адам Ақтаудағы ауруханаға санавициямен жеткізілді. Оның денесінің 80 пайызы күйіп қалған. Жаңаөзендегі оқыс оқиға 17 сәуір күні таңғы 4 шамасында болғанын естеріңізге салайық. 2 қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, 4 адам қаза тапты және жетеуі зардап шекті.
Фото: Azattyq-ruhy.kz