CaspianLife, 18 наурыз — «Жайық» өзенінің деңгейі 4 жарым метрге дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды CaspianLife.
Қазіргі кезде «Жайық» өзенінің Атырау қаласы аумағындағы бөлігінің деңгейі 2,3 метрге дейін көтерілген. Ал Индер ауданы тұсындағы көрсеткіш 3,6 метр болса, Махамбет ауданы маңында 4 метр.
«Жайық-Атырау» гидробекетіндегі су деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 32 сантиметрге артты. Жалпы өзендегі судың деңгейі тәулігіне 1-4 сантиметрге көтеріліп тұр», — дейді «Казгидромет» мекемесінің Атыраудағы мамандары. РФ аумағында орналасқан «Иреклі» су қоймасынан секундына 15 текше метр су жіберілуде.
«Ресейлік әріптестеріміздің ақпаратына сүйенсек, биыл Жайық өзенінің деңгейі 4 жарым, ал су ең көп келді деген күнде 5 жарым метрге дейін көтерілуі мүмкін. Былтыр өзен суының максималды деңгейі 375 смге жеткен еді» — деді «Қазгидромет» РМК АОФ бөлім басшысы Арайлым Дүйсекенова.
Қиғаш өзеніндегі жағдай да қалыпты. Өзен деңгейі тәулігіне 14-18 смге, ал жалпы су келе бастаған уақыттан бері 130 смге көтерілген.
Фото: Mnews.kz