CaspianLife, 17 сәуір — Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінде Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Тельман Сарбаевтың атындағы кафедра ашылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Оған университет оқытушылары, профессордың туыстары мен шәкірттері қатысты.
«Ол кісінің жасаған істерінің барлығы, эксперименттің барлығы аяқсыз қалмайды, оның қорытындысы болады. Сондай дәрежедегі кісі. Еш нәрсеге, басқа нәрсеге ол кісі көңіл бөлмейді. Сол жаңағы жасап жатқан нәрсенің до конца қалай болып шығады, қандай пайдасы бар, соған дейін дәлелдеп шығу керек. Соны үйреткен де бізге Тельман Габитович. Сол Тельман Габитовичтің арқасында болу керек, ғылымның керім қылып ашпадым дегенменен, өзімнің істеген ісімнің барлығы да пайдаға, іске асты» — деді Т. Сарбаевтың шәкірті Роза Қаражігітова.
Профессор Тельман Сарбаев 1933 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. «Кеңестік социалистік республикалар одағының еңбек сіңірген өнертапқышы», химия ғылымдарының кандитаты, 1967 – 1975 жылдар аралығында Атыраудағы мұнай және табиғи тұздар химиясы институтының басшысы қызметін атқарды. Ол батыс аумағындағы мұнай мен табиғи газды өндіру ісіне, отандық органикалық химияның дамуына үлкен үлес қосып, 50-ден астам ғылым кандитатын дайындады. 300-ден астам еңбегі жарық көрген, олардың қатарында 2 ғылыми монография және 5 оқулық бар. Ғалым 2009 жылы дүниеден өтті.