CaspianLife, 14 сәуір — Атыраулық спортшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Caspian Life.
Елордада өтіп жатқан еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионатында жерлесіміз Болат Сақаев барлық қарсыласын қапы қалдырды.
79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты 7:4 есебімен ұтты. Ол финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті. Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған тəжірибелі палуан болатын. Бұл Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі Қазақстанның 5-ші алтын жүлдесі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің дерегінше, турнирге елімізбен қатар Қытай, Жапония, Үндістан, Моңғолия, Иран, Оңтүстік Корея және тағы да басқа 22 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысуда.