CaspianLife, 12 сәуір — Атырауда көлік қаққан тұрғын ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Caspian Life.
Полиция департаментінің дерегінше, оқиға 10 сәуірде кешкі сағат 21:00 шамасында Нұрсая ықшам ауданында болған. 32 жастағы тұрғын белгіленбеген жерден өтіп бара жатқанда Mercedes Benz маркалы көлігін басқарған жүргізуші қағып кетті. 44 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып, бой тасалаған. Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтады.
Жаяу жүргінші сол күні ауруханаға жеткізілді. Алайда, екі күннен соң жан сақтау бөлімшесінде көз жұмды. Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — делінген ПД баспасөз хабарламасында.