CaspianLife, 8 сәуір —Батыс Қазақстан облысында әйелін пышақтаған күдікті іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды caspianlife.kz
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында болған. «8 сәуір күні сағат 01.40-та 33 жастағы ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ салады. Кейін ол сол маңнан бой тасалаған. Зардап шеккен әйел Бәйтерек аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіруге оқталу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.