CaspianLife, 4 сәуір — Қала маңындағы «Құрсай» ауылының тұрғындары қамыс өртінен зардеп шекті, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Қамыс қуалай шыққан өрт тұрғындардың ауласы мен сарайын, жылыжайын, тіпті сыртта тұрған жеке мүліктеріне дейін жалмаған. Әрі жалын шарпыған аумаққа өрт сөндіру көлігі бірден кіре алмапты. Себебі қалың қамыс бойлатпайтын көрінеді. Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, «Құрсай» елді мекеніндегі өртті сөндіруге 53 құтқарушы мен 12 техника жұмылдырылған. Жалпы аумағы 1,5 гектар жер отқа оранған. Тұрғындардың айтуынша, «Перетаска» каналының бойындағы қамыс жыл сайын жанып, әбігерге салатын көрінеді.