CaspianLife, 3 сәуір — Атырау халықаралық әуежайына 1 725 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Бұған жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының төмен болуы себеп. Мұны Азаматтық авиация комитеті былтыр жыл соңында жоспардан тыс жүргізілген инспекциялық тексеру барысында анықтапты. Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға көрсетілетін қызметтің заңнамалық талаптарға сай келмейтіні белгілі болған. Сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдарының жоспары орындалмапты.