CaspianLife, 22 наурыз — 5 қаңтар күні Жайық өзеніне батып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Құтқарушылар 48 жастағы тұрғынның мәйітін бүгін сағат ертеңгілік 9 жарым шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан алып шықты. Марқұмды іздестіру жұмыстары осыдан 5 күн бұрын жанданған еді. Еске салайық, жыл басында Жұмыскер ауылы маңындағы көлік көпірі астынан екі адам балық ауламақ болған кезде мұз ойылып, суға түсіп кетеді. Оқиға орнына жеткен мамандар бір адамды судан аман алып шықты. Ал екінші адамның денесін 10 күн бойы іздеп, таппаған соң іздеу жұмыстары тоқтатылған болатын.