Атырау облысынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып Аманат партиясының өкілі Әділ Жұбанов сайланды, деп хабарлайды CaspianLife.
Алдын ала дерек бойынша, ол сайлаушылардың 204 мың дауысын жинаған. Мұндай мәліметті Орталық сайлау комиссиясы таратты. Әділ Жұбанов №13 сайлау округінен бір мандаттық жүйе бойынша сайлауға түскен еді. Ол облыстағы инженерлік инфрақұрылымын заман талабына сай жасақтап, өңірді «экологиялық апатты аймақ» ретінде тану арқылы облыстағы өзекті мәселелерді шешуге уәде берді. Және Каспий теңізі мен Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстарымен тұрақты айналысатын мемлекеттік мекеме құру керектігін айтады. Әділ Жұбанов Атырау облысынан республикалық бюджетке берілетін қаражат көлемін азайтып, өңір тұрғындарының игілігіне жұмсау керек деп есептейді. Сайлауға түскен басқа да кандидаттар Әділ Жұбановқа сәттілік тіледі.
“Өзім Атырау облысының тумасы болсам да, сол азаматтың өткеніне ризашылығмыды білдіремін. Сайлау өте әділ өтті. Шындық болды бұл сайлау. Алдағы уақытта Әділ Жұбановқа табысты жұмыс тілеймін” — деді «ХҚКО» АОФ директоры Мұса Хайруллаев.
Сайлауға атыраулықтардың 51,23 пайызы қатысты. Бұл еліміздегі барлық облыстың ішіндегі ең төмен көрсеткіш.