CaspianLife, 16 наурыз — Атырауда миллион теңгеге жуық айыппұлы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Caspian Life.
15 наурыз күні сағат 12:55 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген маркасы Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Тексеріс барысында аталған автокөліктің 900 мың теңгеден астам төленбеген 37 айыппұлы бар екені анықталды.
Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Атыраулық полицейлер тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.