CaspianLife, 13 наурыз — Ойыл өзеніндегі су деңгейі 3 метрге көтерілді. Бірақ Миялы ауылына қауіп төніп тұрған жоқ дейді құтқарушылар. Өйткені облыстық маңызы бар Индер-Сағыз тас жолының Миялы-Жангелдин бөлігі жырылды, деп хабарлайды Caspian Life.
Нәтижесінде ауыл маңындағы су деңгейі төмендеп, өр суының негізгі бөлігі Жарыпшыққан өзеніне қарай ағып жатыр. Аудан орталығымен қатынас үзілмес үшін айналма жол салынуда. Оны 16 наурыз күні пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал әзірге тұрғындар екіортаға қайықпен қатынап жүр. Дегенмен жаңбыр мен еріген қар суы басып қала жаздаған қызылқоғалықтарға төнген қауіп әлі сейілген жоқ. Аудан басшыларының айтуынша сәуірде мол тасқын су келеді. «Сақтансаң сақтармын» деген принципті ұстанған олар қауіп төне қалған жағдайда халықты орналастырар жерлерді дайындап қойыпты.