CaspianLife, 21 ақпан — Атырау облысының полицейлері өртке оранған үйден 3 жасөспірімді эвакуциялады, деп хабарлайды CaspianLife.
Бүгін Мақат ауданы Мақат кентінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны байқалған. Полицейлер бөлім бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков, аға учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергенов және учаскелік полиция инспекторы Сәкен Қазтұрғанов пәтердің терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп 2 қабатта түтінге оранған пәтер ішінен 3 жасөспірімді қауіпсіз жерге эвакуациялаған.