CaspianLife, 2 ақпан — Бүгін Атырауды тағы да түтін басты. Құтқарушылардың сөзінше теңіздің Жылыой ауданындағы жағалауы тағы да өртеніп жатыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Жалын екі жерден басталған. Тағы да ошақтары бар ма, жоқ па — анықтау үшін арнайы мобильді топ сол жаққа аттанып кетіпті. Және ертең таңертең жол талғамайтын Трэкол көлігіне жалынды сөндіруге қажетті құрал-жабдығын тиеп, 10 адам жолға шыққалы отыр. Дәл осындай жағдай осыдан бірнеше күн бұрын болған еді. Ол кезде құтқарушылар тікұшақ арқылы барлау жасап, Жылыой жеріндегі қамыс өрті түтінінің желмен облыс орталығына жеткенін айтқан.