CaspianLife, 30 қаңтар — АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 2024 жылы өтетін сайлауға қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife.
«2024 жылғы сайлау – елді құтқаратын жалғыз мүмкіндігіміз және бізге оны бірінші күннен бастап жүзеге асыра алатын көшбасшы керек», — деді Дональд Трамп.
Мемлекет басшысы қызметі үшін күресуге ниетті екенін Трамп екі жарым ай бұрын хабарлаған болатын.
Еске салсақ, 2020 жылғы сайлауда Трамп қазір президент Джо Байденнен жеңіліп қалды. Ол әлі күнге дейін өзінің жеңіске жетуіне дауыс беру кезіндегі тәртіп бұзушылықтар кедергі болғанын айтады.