CaspianLife, 24 қаңтар — Ауғанстанда соңғы екі аптада қалың қар мен аяздан 104 адам құрбан болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Шафиулла Рахими жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Тахар, Бадахшан, Нимроз, Кандагар, Лагман, Газни, Урузган, Джаузджан, Сари-Пуль, Фарьяб, Пактик, Балхе, Саманган, Бамиан қалалары мен елдің өзге де бірқатар аймағында балалар мен әйелдерді қоса алғанда аяз салдарынан соңғы екі аптада 104 адамның құрбан болғанын мәлім етті.
Ауғанстанда жылыту жүйесі жоқ, сондықтан тұрғындар жылыну үшін көбіне көмір, ағаш пен сұйытылған газды пайдаланады және елде газдан уланып, көмірқышқыл тотығынан қайтыс болу жағдайлары жиі болып тұрады.
Ауғанстанда қаңтар айының басынан-ақ күн қатты суытып, қалың қар жауды. Кей аудандарда ауа температурасы 30 градус Цельсиге дейін төмендеді.