CaspianLife, 20 қаңтар — Биыл Маңғыстауда ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен шағын несие берілмек. Кепілді несиенің мерзімі 7 жылдан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 8,6 млн теңге, жалпы шағын және орта шаруа қожалықтарын дамыту үшін – 27,6 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды CaspianLife.
«Мына несие берген, жұмыссыз жүрген, жаңа жеке кәсіп бастап жатқан тұрғындарға, ол мысалы мал шаруашылык дамыту несие алатын болса жеке кәсіпкер болып тіркелгеннен кейін онда мүмкіндігі бар мемлекет тарапынан көмекке қол жеткізуге» — деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.
Жоба сәуір айында іске қосылады. Яғни осы жылдың соңына дейін өңірдегі 170 кәсіпкер микронесие алуы мүмкін. Бірақ оған барлығының қолы жетеді деген сөз емес.
«Әр несие алған кезде кредитная история қараладығо ол азаматтын бірнеше несиесі болып, содан қиындыққа ұшыраған болса ол қазіргі алып жатқан несиесін де ертең төлей алмау қауіпті. Соның бәрін ескеру үшін кредитный комитеттен бәрін саралайды. Нәтижесінде кредитный историясы дұрыс десе кешіктірілген несиесі жоқ дегенде сонда несие алуға ода үміт бар» — деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.
Басқармадағылар ауыл тұрғындарына шағын несие беру арқылы мал басы көбейіп, егін шаруашылығында тың жобалар жүзеге асады, сондай-ақ, жылыжайлар салынып, ет-сүт өңдейтін цехтар іске қосылады деп үміттеніп отыр. Несие тыңайтқыш, тұқым, техника сатып алу үшін де беріледі