CaspianLife, 19 қаңтар — Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) мұнайға әлемдік сұраныс 2023 жылы тәулігіне 1,9 млн баррельге өсіп, тәулігіне 101,7 млн баррельге жетеді деп болжап отыр, деп хабарлайды CaspianLife.
«Қытай коронавирус шектеулерін жойылғаннан кейін мұнайға сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз етпек. Бұл ретте 2023 жылы әлемде мұнайға сұраныс өсуінің негізгі көзі авиациялық отын болады, оған сұраныс тәулігіне 840 мың баррельге артады» — делінген ХЭА есебінде.
Агенттік сондай-ақ 2023 жылы әлемдік мұнай жеткізілімінің өсімі тәулігіне 1 млн баррельге дейін баяулайды деп болжап отыр.
Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 4,7 млн баррельге артқан болатын. ОПЕК + құрамына кірмейтін елдер биыл мұнай ұсынысын тәулігіне 1,9 млн баррельге ұлғайтады, ал ОПЕК+ елдерінің ұсынысы Ресейде өндірістің төмендеуіне байланысты тәулігіне 870 мың баррельге қысқарады. ХЭА мәліметінше, биыл жеткізілім өсімі бойынша АҚШ көш бастап отыр, одан кейін екінші жыл қатарынан «қара алтын» өндірісінің жылдық рекордын орнатқан Канада мен Бразилия тұр. Баяндамада әлемдік бақыланатын мұнай қоры қараша айында 79,1 миллион баррельге өсіп, 2021 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары деңгейге жеткені атап өтілді.
Алайда, 2023 жылдың басында мұнай қорының балансы батыстың Ресей экспортына санкцияларының ықпалынан тез нашарлауы мүмкін. Тауар нарығы, әсіресе дизель отыны мұнайға деген сұраныстың өсуіне байланысты ең үлкен қауіп-қатерге ұшырамақ.