CaspianLife, 17 қаңтар — Өзбекстанның жылу жүйесіндегі күрделі проблемалар бірқатар шенеуніктің қызметтен кетуіне себеп болды. Энергетика министрінің орынбасары мен Ташкент әкімі бүгін орындарын босатты, деп хабарлайды CaspianLife.
Тағы бірнеше аудан басшысы Президенттен қатаң сөгіс алып, қызметтері төмендеді. Көршіміз кейінгі 80 жылда болмаған қысты өткеріп жатыр. Соның салдарынан энергетикалық орталықтар қаланы жылумен қамтамасыз ете алмауда. Шенеутіктер табиғи құбылысқа уақытылы әзірлік қылмаған. Ташкентте электр қуатын тұтыну көлемі сағатына 250 млн киловатқа жетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Электр желілеріне ауыртпалық артып, жиі істен шығып жатыр. Тұрғындар пәтерде қосымша жылыту құралдарын қолдануға мәжбүр. Үйлерде түнгі ауа температурасы тек 10 градусты көрсетеді. Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның энергетика жүйесін күрделі жағдайдан алып шығу жөнінде тапсырма берді. Ал қала басшылығына Жахонгир Артықожаевтың орнына уақытша бұрынғы орынбасары Бахтиёр Рахмонов тағайындалды.
«Тұрғындар газ, электр энергиясымен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет сапасына наразылық білдіруде. Оны бәріміз көріп отырмыз. Қазіргі жағдайға Ташкенттің барлық деңгейдегі басшылары дайын болмаған. 100 махалла және үш ауданда электр қуатына байланысты 100-ден астам апат тіркелді. Қысқы маусымға дайындықтың жоқтығы және маған жалған анықтама бергені үшін Ташкент қаласының әкімін қызметінен босаттым. Оның аяғы аспанға көтерілгені соншалық, жердегі ахуалды көзбен көрмей кетті» — деді Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев.