CaspianLife, 16 қаңтар — Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев ақ қар, көк мұзға оранған Каспий теңізінің видеосын жариялады, деп хабарлайды CaspianLife.
Дронмен түсірілген мына бейнекадрлардан теңіз бен жағалаудың «Жартасты соқпақ» жақтағы бөлігін көруге болады. CaspianNews телеарнасына сұхбат берген видео авторы оның 16 қаңтар күні түсірілгенін айтады. Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше теңіздің жағалаудан бастап бірнеше метрге дейін қатып қалуы – сирек кездесетін жайт. Тіпті кей жерлердегі мұз қабаты жүздеген метрге жетіп қалатын көрінеді.