CaspianLife, 16 қараша — Татарстан Республикасы Қазан қаласында 11-13 қараша аралығында қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға 17 елден үздік деген қоян-қолтық ұрыс шеберлері қатысты.
«Бұл чемпионатқа мықты спортшылар қатысты. Атыраудың намысын 6 спортшы қорғады. Бізге 18 күн Щучинск қаласында «Жақсы-2» спорт базасында оқу жаттығу жиыны өткізілді», — деді аға-жаттықтырушы Хайдар Есенғалиев.
Жарыстың нәтижесі бойынша Алихан Сейтов 73 келі, Бек Насихатов 88 келі, Гүльбану Саматова 64 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ал 90 келіден жоғары салмақта Мирас Шантасов, Ерлан Шакишов, 38-49 жас аралағында 97 келіден жоғары салмақта Хайдар Есенғалиев қола жүлдені еншіледі.