CaspianLife, 3 қараша — Атырауда тағы бір жол жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Балықшы-Зарослый” тас жолының бір бөлігі жаңартылады. Сол себепті ұзындығы 500 метр болатын жол учаскесінің бойындағы көлік қозғалысы бүгін түнде тоқтатылмақ. Осыған байланысты жергілікті атқарушы билік уақытша қолайсыздық болатындығы үшін тұрғындардан алдын ала кешірім сұрайды.