CaspianLife, 20 қазан — Атырауда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Еркінқала-2 ауылында бүгін түскі сағат бірлер шамасында болған.
Жанама жолдан шыққан Skoda маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі басты жолмен келе жатқан Yutong маркалы автобусқа жол бермеген. Қоғамдық көлік екпінмен сол маңдағы тұрғын үйдің қоршауына соғылды. Ал Skodaның 56 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жантәсілім етті.