CaspianLife, 19 қазан — Атырауда жыл басынан бері 90-нан астам тұлға «қорғау нұсқамасын» бұзған деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Отбасында жанжал шығарған 1120 тұрғын жауапкершілік жауапкершілікке тартылып, 1542 тұлғаға қорғау нұсқамасын шығарды. Дегенмен, оның 90-ы қорғау нұсқамасын бұзған. Оларға қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, мамандандырылған сотқа жолданды.
«Айта кетейік, Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі 30 тәулікті құрайды. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған кемінде 7 күнде бір рет тексерумен профилактикалық бақылау жүзеге асырылады. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда ескерту беріліп немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынады», — дейді полиция өкілдері.
Қорғау нұсқамасын алған тұлғаға зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
Егер Сіз, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, төменде көрсетілген нөмірлер арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кеңес ала аласыз:
102 немесе +7(702) 235-19-98
Сенім телефоны: 98-35-32