CaspianLife, 19 қазан — Атырауда бір күнде екі көлік жүргізушісі жол үстінде жүрген малдарды қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
18 қазанда Ақтөбе-Астрхань тас жолының 705 шақырым тұсында Toyotа маркалы автокөлігі жолға кенеттен шыққан жылқыны қағып кетті.
Дәл осындай оқиға Доссор-Құлсары тас жолының 106 шақырымында болды. Kia жеңіл көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кетті. Екі жағдайда да жүргізушілер зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақыт тиісті құжаттар жинақталып, қарауысыз жүрген жылқылардың иелері іздестірілуде.
«Осы ретте тәртіп сақшылары облыс аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді. Көлік жүргізушілерінен жылдамдықты шамадан арттырмай, мұқият болу сұралады», — дейді полиция өкілдері.