CaspianLife, 13 қазан — Атырау облысында бір күнде екі жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады.
11 қазан күні облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне түскен 33 жастағы келіншектің жағдайы нашарлаған соң реанимация бөліміне ауыстырылғанмен, жантәсілім етеді.
Дәл сол күні тағы бір 34 жастағы ана Мақат ауданында дүние салды. Жүрегі бірнеше рет тоқтаған оған облыстан арнайы келген дәрігерлер де көмек көрсете алмапты. Бірінші әйел жүктіліктің 17, екінші келіншек жүктіліктің 32 аптасында.
Қазір осы жағдайларға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.