CaspianLife, 21 қыркүйек — Атырауда 20 қыркүйек күні тұтанған қамыс өртін сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақтағы тілсіз жауды батпақты жерден өту мүмкін болмаған соң сөндіру қиынға соқты. Қазіргі таңда МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20 көлемінде 2 ашық отпен жану ошағын және 100 м көлемінде бықсуды анықтап, әуеден сөндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, батпақты жерде қалып қойған «TREKOL» техникалық автокөлігі жанып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге тікұшақтан бөлек ТЖД-нің және «Ақ Жайық» МТР күштері жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ дейді мамандар