CaspianLife, 13 қыркүйек — Атырауда автомобиль мен жүк көлігі соқтығысып, жүк көлігі аударылып қалды деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.
Бүгін сағат 18:20 шамасында Балауса мөлтек ауданында жүк көлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан маркасы Toyota Ipsum көлік құралына жол бермей соқтығысқан. Соққы екпінімен жүк көлігі аударылып, сол жерде орналасқан үй қоршауына соғылған. Соққы салдарынан Toyota көлігінің екі жолаушысы мен жүргізушісі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.