CaspianLife, 7 қыркүйек — Атырауда егде жастағы әйел 5 қабаттан секірмек болды деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Бүгін ТЖ қызметкерлеріне сағат 16:29 шамасында анасы есікті құлыптап алғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйелдің есікті іштен құлыптап алып, 5 қабаттан секірмек болғандығын анықтады. Қызметкерлер есікті бұзып ашу арқылы оны құтқарып қалды.
Кейін 55 жастағы әйелдің психоневрологиялық тіркеуде тұрғандығы анықталып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.