CaspianLife, 25 тамыз — NASA өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қара құрдымға тән дыбысты жариялады.
Қара құрдым ыстық газ жиналған Персей галактикасында орналасқан.
«Ғарыш кеңістігінің көп бөлігі дыбыс толқындарының таралуына мүмкіндік бермейтін вакуум іспеттес. Алайда, галактикада газ шоғыры көп болғандықтан, қара құрдымның дыбысын жазуға мүмкіндік алдық», — делінген NASA-ның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Шын мәнінде қара құрдымның дауысын адамның құлағы ести алмайды. Себебі, ол адам естуге қабілетті бірінші октавадан 57 октаваға дейін, яғни, біз ажырата алатын дауыс жиілігінен миллиардтаған есе төмен.