CaspianLife, 23 тамыз — Apple компаниясының бұрынғы инженері Сяолан Чжан Apple Car автокөлігіне қатысты құпия құжаттарды таратпақ болды.
Чжан аталған компанияның автопилоттық жобасын жүзеге асыруға, яғни сызба жұмыстарына қатысқан. Ол жаңа өнім туралы ақпаратты қытай компанияларының біріне бермек болыпты. Чжан лабораториядан схемаларды алып бара жатқан кезде ұсталып қалды.
Экс-инженер 10 жылға бас бостандығынан айрылды, сондай-ақ, оған Apple компаниясына шығын келтіргені үшін 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.