CaspianLife, 18 тамыз — Биыл 1 тамыздағы дерек бойынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеметтік көмек тағайындалды. Ол үшін бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Одан бөлек, 1 тамызда АӘК қатарында 1-6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұрмысқа қажетті химиялық заттар тағайындалды.
Айта кетелік, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.