CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда өрт сөндірушілер жалын кезінде 14 адамды эвакуациялады. Оның 8-і кәмелетке толмағандар деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
15 тамызда сағат 13:44-те Сәтпаев көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Жалын 12 шаршы метрлік пәтердегі үй заттарын, жиһаз және тұрмыстық техниканы шарпыған.
Сағат 14:08 шамасында өрт толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.