CaspianLife, 9 тамыз – Биылғы оқу жылында оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы оқу жылында мектеп формасын қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, ата-аналардың кейбір білім беру ордаларындағы мектеп формасына қойылатын талаптар туралы шағымданған. Сондықтан, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түс енгізіледі.
«Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің Қамқоршылық кеңесі бекіткен аға-әпкелерінен қалған форманы киіп келе алады. Ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылдады. Барлығы қою көк түсті таңдады. Бірақ бұл балаларды шектемейді, яғни олар бұрыннан бар мектеп формасымен келе алады», — деп мәлімдеді Мектепке Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Кәрімованың айтуынша, бірыңғай түс қолжетімді форманы сатып алуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, оқу жылына дейін атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 418 мың балаға көмек көрсетілінін жеткізді. Оларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қолдау көрсетілетін болады.