CaspianLife, 28 шілде — 27 шілде күні сағат 22.00-ден кейін Атырау МӨЗ-да электрмен жабдықтау қалпына келтірілді деп хабарлайды зауыттың баспасөз хатшысы.
Сол күні сағат 23.00-де электр энергиясын төмендету себебінен тоқтатылған зауыт қондырғыларында жөндеу және іске қосу жұмыстары басталды, оның барысында жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі анықталады.
Қазіргі уақытта технологиялық ақауларды жою жұмыстары жалғасуда. Қондырғыларға шикізат беру 28-шілде күні кешке жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Атырау МӨЗ электр энергиясының кернеуін төмендету тіркелген болатын, соның салдарынан зауыт «KEGOC»АҚ-ның сыртқы желілерінен ажырап, зауыт жұмысы тоқтап қалған болатын.
27 шілдедегі жағдай бойынша зауытта 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизель отыны және 4 мың тонна авиакеросин қоры бар. Бұл ресурстар тұтынушыларға жіберіледі.