CaspianLife, 25 шілде — Атырауда автокөлік жүргізушісі 24 бас қойды қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқиға сағат таңғы 06:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 400 шақырымындағы Жантерек елді мекені тұсында болған. Жол-көлік оқиғасынан 1 млн 200 мың теңге көлемінде шығын келді.
Қойшыға малды белгіленбеген жерден өткізгені үшін хаттама толтырылды.