CaspianLife, 21 шілде — Борис Джонсонның парламентпен қоштасқанда айтқан сөзі желі қолданушыларының ашуын туғызды.
20 шілде күні премьер-министр депутаттарға айтқан сөзін «Терминатор» фильміндегі «Қош бол, балақай» («Hasta La Vista, Baby») фразасымен қорытындылаған болатын. Джонсонның партиясындағы шенеуніктер орындарынан тұрып шығарып салса, оппозияциялық партия қол да соқпады. Мұндай реакцияны желі қолданушылары да көрсетті.
«Елімізге проблемадан басқа дым әкелмеді. Кеткені жақсы болды», — дейді ағылшындықтар.
Олар премьер-министрдің мақсаты тарихта атын қалай болса да қалдыру екенін айтады.
Борис Джонсон үкіметтен 50 депутат өз еріктерімен орындарын босатқаннан кейін отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.
Ал, қазір Британияда жаңа үкімет басшысын сайлау науқаны жүріп жатыр. 11 депутаттың ішінен бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак пен СІМ Лиз Трасс премьер-министр болуға бір табан жақындады. Сунак 137 дауыспен, ал Трасс 113 дауыспен финалға шықты.