CaspianLife, 19 шілде — Атырау облысындағы Индербор кентінде 3 шақырым қашықтықта дала өрті болды. Бұл туралы жергілікті ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының шамадан тыс ыстық болуы, онсыз да қурап тұрған өсімдіктердің тез жануына оттың тұтануына себепші болған.
«Ыстық күнде өртті бірден өшіру мүмкін болмады. Дегенмен аудандағы барлық мекемелердің ұйымшылдығы арқасында жалынның бетін қайтардық. Сағат 14.00-де басталған дала өртін 18.23-те толық өшіріп болдық. 10 гектар жер күлге айналды», — дейді Индер аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Ержан Нұрланов.
Жалын Индер желілік өндірістік басқармасына қарасты «Орталық Азия» газ құбырына, орманға жақын болғандықтан, оған жеткізбей өшіруге күш салынған.
Өрттің шығу себептері анықталуда.