CaspianLife, 8 шілде — Атырау облысында судағы қауіпсіздікті бұзғандарға 741 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді.
Жыл басынан бері су айдындарында 10 адам қаза тапқан. Оның үшеуі кәмелетке толмаған.
«Шомылу маусымы басталған бері 3 адам суға батып кетті. Статистикалық деректер судағы жазатайым оқиғалардың көбі мас күйінгде шомылу және суда жүзу қабілетін асыра бағалау салдарынан болып отқанын көрсетеді. Ал, балалар ата-ананың қарауынсыз суға шомылу кесірінен суға батып кетеді. Ал кейбір адамдар денсаулығының күрт нашарлауы мен құрысудан салдарынан оқыс оқиғаның құрбаны болады», — деп хабарлады департамент өкілдері.