CaspianLife, 4 шілде — Маңғыстауда 109 байланыс орталығы іске қосылды. Қызмет орталығы мына мәселелерді қарастырады:
— Лифт жұмысы
— ПИК/ОСИ жұмысы
— Көше жарығы
— Қалалық жол инфрақұрылымы
— Қалалық, аула аумағын абаттандыру
— Ашық құдықтар
— Қаланы көгалдандыру.
Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселелерді белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге жіберіледі. Сонымен қатар, мамандар өтінімдерді орындау бойынша кері байланыс жүргізеді.
Өтініш ұялы және қалалық телефондардан бірыңғай 109 нөміріне тегін қоңырау шалу, «Smart Aktau» қосымшасы арқылы, Facebook және қалалық әкімдік сайтында қабылданады.