CaspianLife, 4 шілде — Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында болған жол-көлік апатынан 22 жастағы жүргізуші қайтыс болды деп хабарлайды Атырау облыстық ПД.
Оқиға 3 шілде күні кешкі 20:15-те болған. Lada Priora автокөлігі алда келе жатқан жүк көлігімен арақашықтықты сақтай алмай соғылып, қарсы жолақта келе жатқан Лада көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Lada Priorа-ның 2000 жылғы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, ал Лада көлігінің жүргізушісі және жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.